RU | KZ

2026 жылғы 18–19 шілде күндері Астана қаласында Қазақстан, Ресей және Латвиядан келген 140 спортшының басын қосқан Uly Dala Race by Changan веложарысы өтті. Екі күн бойы қатысушылар арнайы дайындалған трассаларда бақ сынады. Бұл жарыс соңғы бірнеше жыл ішінде елордада ұйымдастырылған алғашқы әуесқой веложарыс болды.

 

Іс-шараның құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Ермек

Көшербаев болды. Туризм және спорт министрі спортшылармен кездесіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне қатысты.

Astana Motors компаниялар тобының құрамына кіретін Changan Kazakhstan Қазақстандағы велоспортты қатарынан екінші жыл қолдап келеді.

Іс-шара аясында брендтің көрме аймағында New UNI-V және CS35 MAX модельдері таныстырылды. Сонымен қатар, Changan автокөліктері жарыс бойы қатысушыларды сүйемелдеп, ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, ақшалай сыйлықтармен және Changan Kazakhstan мен іс-шара серіктестерінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Uly Dala Race веложарысын қолдау брендтің спорт мәдениетін дамытуға, белсенді өмір салтын насихаттауға және адамдарды қозғалыс пен жаңа жетістіктер құндылықтарының айналасына біріктіруге қосқан маңызды үлесі болды.

Другие новости и события

Changan Қазақстанның автонарығындағы үздік үштікке нық орнығып, сатылымның рекордтық өсімін көрсетті

Changan Kazakhstan Алматыда өткен QJ League U-18 халықаралық матчын қолдады

Changan 2026 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстан автокөлік нарығының ТОП-3 қатарына еніп, қытайлық брендтер арасында 1-орынға ие болды

www.changan-nomadcar.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.